ШҚМУ-де шекара маңы елдеріндегі жас ғалымдардың ІІ-ші Еуразиялық форумы ашылды

ӨСКЕМЕН. 10 қазан. ҚазАқпарат - Өскеменде шекара маңы елдеріндегі жас ғалымдардың ІІ-ші Еуразиялық форумы өз жұмысын бастады.
None
None

Форум «Ғылым, білім, инновациялар - Қазақстан дамуының жетекші бағыты» ғылыми-тәжірибелік конференциясымен ашылды. Еуразиялық форумның ұраны - «21 ғасырдың жастары: әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеует».

Форум аясында тақырыптық көрмелер ашылды, секциялық сабақтар, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен шеберлік сабақтары өтеді. Барлық шаралар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 60 жылдығына арналған, деп хабарлайды ЖОО-дан.

Соңғы жаңалықтар