ШҚО әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

ӨСКЕМЕН. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Мамин мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
None
None

Уағдаластыққа сәйкес, ҚТЖ өңірде жаңа хоккей модулін салып, 9 теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Бұл Ақтоғай, Белағаш, Жарма, Коршуново, Ермаковка, Семей, Зырян, Серебрянка, Лениногорск (Риддер) теміржол стансаларында жолаушыларға қызмет көрсету қосындары.

Кездесуде тараптар өңірдің аумағында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ нысандары мен теміржол қатынас жолдарында су тасқынына қарсы шараларды өткізу мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар