ШҚО әкімдігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен азаматтарды баспанамен қамту жолында бірлесіп жұмыс жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО әкімдігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен азаматтарды әлеуметтік баспанамен қамту жолында бірлесіп жұмыс жасауға келісті, деп хабарлады Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметінен.

Өскеменде облыс әкімі Даниал Ахметов, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов және «Ертіс» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиев ШҚО-да тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.

Эконом-класс санатына жататын үйлердің құрылысын салушы және облыстық қазынадан және мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік негізінде қаржыландырылады.

Бүгінде жалпы көлемі 59 мың шаршы метрді құрайтын 949 пәтерлі 15 тұрғын үй қолданысқа берілді. 2015 жылы қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімге сай жалпы көлемі 51 мың шаршы метрді құрайтын 861 пәтерлі 10 тұрғын үйді қоланысқа беру көзделген. Оның құны 5 378 млн. теңге.

Бағдарлама жүзеге аса бастағалы ШҚО әкімдігіне сатып алынған пәтерлер есебінен 4 306 млн. теңге аударылды. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 811 млн. теңге аудару көзделген.

Соңғы жаңалықтар
telegram