ШҚО әкімі аймақта хоккейді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО басшысы Даниал Ахметов хоккейді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Кеңес барысында «Торпедо» хоккей клубының 2015-2016 жылдардағы маусымда көрсеткен ойын қорытындысы және алдағы маусымдарға жоспарлар қаралды. Содан соң, облыс әкімі аймақта балалар хоккейін дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Хоккейді дамыту мәселелеріне арналған отырыста, аймақ басшысы «Торпедо» ХК-ның ағымдағы жылы көрсеткен ойынында, өткен жылмен салыстырғанда нақты алға қадам басу байқалатындығын басып айтты. Сонымен қатар, Даниал Кенжетайұлы клуб алдындағы барлық міндет орындалып жатқандығын жеткізді. Облыс әкімі хоккей клубының басшылығына бір апта ішінде алдағы маусымға жұмыс жоспары бойынша ұсыныс дайындауды тапсырды.

Содан соң, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға шайбалы хоккейден Қазақстан Федерациясының аймақтық филиалымен бірлесіп, балалар хоккейін дамытуға септесетін, барлық жастағы балалар командалары арасында өтетін жарыстардың біркелкі кестесін дайындау тапсырылды. Турнирлер қазан айында басталып, наурызда аяқталуы қажет. Жарыстар кестесі мен оны іске асырудың бақылау жүйесі облыс әкімінің өкімімен бекітілетін болады.

Соңғы жаңалықтар