12:09, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
ШҚО әкімі Бақыршық кен өндіру кәсіпорнының басшылығымен кездесті
ӨСКЕМЕН. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько// - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС өкілдерімен кездесті,
деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
«Алтыналмас Голд ЛТД» компаниясының қаржы директоры Андерс Йоханнес Грэтц және «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директоры Алан Роберт Торнтонмен болған кездесу барысында облыс әкімі Бақыршық кен өндіру кәсіпорнының маңыздылығына тоқталды.
Жүздесу қорытындысында ШҚ әкімдігі мен компания басшылығы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.