ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс тойын тойлаушыларға пәтерлердің кілттерін тапсырды және Семей өңіріндегі қайта жаңартылған су құбырының желісін ашты

Қаладан 40 шақырым жерде орналасқан Бөкенші ауылында қайта жаңартылған су құбыры желісінің іске қосылуына қатысты.
Бердібек Сапарбаев мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған үйдегі пәтерлердің кілттерін қоныс тойын тойлаушыларға тапсырды.
Облыс әкімі аймаққа жасаған сапары барысында халықпен кездесуде ҚР Президентімен болған «тікелей желіге» жолдаған қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Семейге жасаған сапарының соңында ШҚО әкімі Абай атындағы облыстық театрда қала жұртшылығымен және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Бұл жерде ол жылды қорытындылады, ерекше көзге түскен қалалықтарды марапаттады және семейліктерді Жаңа жылмен құттықтады.
Достоевский атындағы облыстық драма театрының әртісі Валентина Забелкина ҚР Президентінің грамотасымен марапатталды.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлен Сыдықов пен ардагер Анатолий Еременкоға «Семей қаласының құрметті азаматы» куәліктері, «Жас қанат» конкурсының жеңімпазы, студент Әсем Омароваға жастар арасындағы облыстық конкурста жеңіске жеткені үшін нарада тапсырылды.