ШҚО әкімі халық алдында есеп берді - Семей

СЕМЕЙ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Семейде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халық алдындағы есебі өтті.
None
None

Есептік кездесуге Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар аудандарының өкілдері қатысты, деп хабарлады Семей қалалық ішкі саясат бөлімінен.

Облыс басшысы өз есебінде өткен жылдың қорытындысына ғана емес, биылғы жылы жүзеге асырылатын басты бағыттарға да кеңінен тоқталып, халық көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Бердібек Сапарбаев өткен 2012 жыл Шығыс Қазақстан облысы үшін айтулы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-маңызды оқиғаларға толы, айшықты мәдени-бұқаралық іс-шаралармен ерекшеленген жыл болғанын атап өтті.

Ағымдағы жылы өңір экономикасын дамытудың перспективалары, басты міндеттер баяндаманың негізгі арқауына айналды. Аймақ басшысы барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан сұрақтардың азайғанын, бұл - атқарушы билік органдарының өзекті мәселелерді жергілікті жерде шешуге ден қойғанының нәтижесі екенін атап көрсетті.

Тұрғындарды әлеуметтік нысандардың құрылысы, жол, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйелерінің жағдайы кеңінен толғандырады. Таза ауыз су, денсаулық сақтау жүйесі мен азық-түлік бағасы да назардан тыс қалған жоқ. 2012 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары облыстың экономикалық даму қарқынын сақталғанын көрсетті. Облыстың елді мекендерінде ашылып жатқан кәсіпорындар, салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар мұның айқын дәлелі.

Соңғы жаңалықтар