ШҚО әкімі Корея Республикасының ресми делегациясымен кездесті

ӨСКЕМЕН. 9 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР-ғы Корея мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Ли Бен-хва мырзамен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен екі ел арасындағы өзара ықпалдастық тұстарын баяндай түсті.
None
None

Шығыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Корея мемлекеті соңғы үш жылда өзара қарым-қатынас орнатып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын жүргізуде.

- Корея мемлекеті біздің кәсіпкерлермен, медициналық ұйымдармен тығыз байланыс орнатуда. Бұл игі бастама деп санаймын. Сонымен қатар «Алтай - алтын бесігім» атты облыста өткен халықаралық форумға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін - деді Бердібек Сапарбаев.

Енді алдағы уақытта облыс Корея мемлекетімен өңірдің туристік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, туризм саласын дамытпақ. Бұған облыстың мүмкіндігі жетерлік. Осы орайда кәріс делегаттары «Хана Тур» туристік компаниясының тұсаукесерін өткізді. «Хана Тур» компаниясы туристік салада 18 жыл, осы аралығында жоғары сенімге ие болды. Әлем бойынша 27 өкілдіктері қызмет көрсетуде. Шығыс Қазақстанда компания облыс бойынша тур ұйымдастырып, біріккен кәсіпорындар құруды көздеп отыр. Сонымен қатар Сеул - Өскемен тікелей авиарейсін құруды да жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар