19:39, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
ШҚО әкімі Курчатовта Ядролық технологиялар паркінің жұмысымен толық танысты
ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Ғылыми технологиялар қаласының одан әрі даму перспективалары - айрықша назарда.

Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Курчатов қаласына жасаған жұмыс сапары барысында айтты.
Облыс әкімі Ядролық технологиялар паркінде теміржол көлігі жылжымалы құрамына арналған тежегіш құрал-жабдықтарын өндіру бойынша жаңа желінің жұмысымен танысты.
Мұндай өндіріс елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Ол халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Алғашқы өнім конвейерден екі апта бұрын шықты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.