ШҚО әкімі Өскемен және Семейдегі «Street workout» спорттық алаңдарын жабдықтауды тапсырды

«Барлық аудан орталықтары мен Өскемен, Семейдің негізгі шағынаудандарында осындай алаңдар орнату қажет. Оларды біздің жеке кәсіпкерлеріміз шығарып отыр», - деді әкім облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновқа қарата айтқан сөзінде.
Өскемендегі алаңдар тұрғындардың шағынмобильдік топтарына арналған жиынтықтарды қоса алғанда тренажерлық жабдықтармен бірге құрылып отыр. Осындай шағын алаң таяуда Ертіс жағалауында пайда болды. Биылғы жазда облыс орталығында тағы бес осындай алаң пайда болады.
Семейде «Street workout» спорттық құрылыстарын орнатуға арналған жеті нүкте белгіленді.
Спорттық алаңдар үшін жабдықтарды шығару Өскеменде де ретке келтірілген, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығынан.