10:56, 07 Қараша 2013 | GMT +5
ШҚО әкімі Семейге жасаған жұмыс сапары барысында қала тұрғындарымен кездесті
ӨСКЕМЕН. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бердібек Сапарбаев Семейге жұмыс сапарымен барып, қала жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында қала әкімі Айбек Кәрімов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, ал оның орынбасарлары қаланың кешенді даму жоспары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және қоғаммен жұмыс мәселелері жөнінде өңір басшысын хабардар етті.

Жергілікті тілшілермен бөлек кездесу өткізген Б.Сапарбаев 11 қазан күнгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қатысты айтылған ескертулерді түзетуге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндап берді.
Семейге жасаған жұмыс сапарының барысында әкім сонымен бірге, «Бақыт» балалар орталығының ашылуына қатысып, «Восток-Бройлер» және «Қазақстан Салют» ЖШС-інде болды. Жұмыс сапарының соңында әкім қаланың абаттандырылуы барысымен танысып, тұрғындармен жылумен қамту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлады ақпарат орталығынан.