15:38, 08 Мамыр 2009 | GMT +5
ШҚО әкімі семейліктерге жаңа пәтердің кілтін табыс етті
СЕМЕЙ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Бүгін Семейге сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Энергетик» кентіндегі жаңа тұрғын үй иелеріне пәтер кілттерін табыс етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Энергетик» кентіндегі тоғыз қабатты 202 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келеді. Көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын «Грандэлитқұрылыс» компаниясы өз қаржысына тұрғызып жатыр. Нысанның құны 600 млн. теңгеден асып жығылады. Тұрғын үйдің бір шаршы метрі 56 мың 50 теңге құрайды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша кезекте тұрған 25 адам жаңа пәтердің иесі атанды, олар негізінен жас отбасылар, бюджет саласының қызметкерлері, әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындар.