ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Ұлан ауданында болды

ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат / Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлан ауданының әлеуметтік нысандарында болды.
None
None

Облыс әкімі баспасөз қызметінің атап өтуінше, 16 қараша күні өткен жұмыс сапары барысында Б.Сапарбаев «Н.А.Ғасанов» шаруа қожалығының жылыжай кешенін аралады. Жылыжай кешенінің аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды. Онда 10 жылыжай мен 1 жеміс-жидек сақтайтын қойма салу жоспарланған.

Мамай ауылының тұрғындары облыс әкімімен кездесу барысында ағымдағы жылы картоптың мол түсім бергенін айтып, егістік алқаптарын суғару үшін арнайы техникалар сатып алуға көмектесуді сұрады.

Бозанбай ауылында әкімнің қатысуымен облыстық және аудандық бюджет қаржысы есебінен бой көтерген жаңа балабақшаның ашылу рәсімі болды. Балабақшаның ашылуы ауылдың 24 тұрғынын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ облыс басшысы Ұлан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Молодежный ауылында құрылысы басталған алтын өндіру кешенімен де танысты.

Бұл ауқымды жобаға 13 кен орны кіреді. Кешен әкімшілік ғимараттан, жөндеу кешенінен, зертханадан, қазандықтан және зауыттан тұрады. Жобаны жүзеге асыру ауданның экономикалық деңгейін көтеріп, шамамен мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Б.Сапарбаевтың жұмыс сапары Таврия ауылында аяқталып, онда ол Қасым Қайсенов бюстінің ашылуына қатысты және күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйін аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар