ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Ермек Көшербаев тағайындалды

ӨСКЕМЕН. 3 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін аппараттың кеңейтілген кеңесінде өңір әкімі өзінің жаңа бірінші орынбасары - Ермек Көшербаевты таныстырды, деп хабарлады облыстың ақпараттық орталығынан.
None
None

Осы қызметке тағайындалмас бұрын Ермек Көшербаев ШҚО әкімінің орынбасары болып, индустриялық және ғылыми бағыттағы мәселелерді қадағалады.  

Әр жылдарда Ермек Беделбайұлы Көшербаев ҚР Премьер-Министрінің көмекшісі, «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қоры» бірлестігі директорының орынбасары болды.

Сонымен қатар ол «ҚазТрансОйл» және «Мұнай және газ тасымалы» компаниялары аппаратының басшысы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірінші вице-президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Ол «Рауан Меди Групп» АҚ-ның бас директоры, «Отан» республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі партиясының орталық аппаратының басшысы болды. 

2009 жылы Семей қаласында «Ертіс» ӘКК» ҰК басқарма төрағасы болды.

2010 жылдың шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар