ШҚО-да күзде үш «жайлы мектеп» есігін айқара ашады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Аймақ басшысы облыс орталығында салынып жатқан үш жаңа «жайлы мектептің» құрылыс жұмысы барысымен танысты. 

мектеп құрылысы
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Қаладағы 19-ықшам ауданда және Есенберлин даңғылында 600 орындық екі мектеп салынуда.

мектеп құрылысы
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, қала шетіндегі Тимофеев көшесінің бойында 300 орындық мектептің құрылыс жұмысы қарқынды түрде жалғасып жатыр. Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, аталмыш ауданда білім беру нысандары жоқ және жаңа мектеп жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасайды.

мектеп салу
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

— Жайлы мектептер атына заты сай, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, оқушылар үшін бар жағдайы жасалуы тиіс. Барлық нысандардың тиісті мерзімде тапсырылуын бақылау қажет, — деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

мектеп құрылысы
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, ұлттық жоба құрылысының операторы — «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы.

ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышёва атап өткендей, жаңа мектептерде білім беру жұмысын ұйымдастыру бойынша арнайы іс-шаралар басталып кетті.