ШҚО әлемдік ірі кеніштен тұңғыш мыс концентратын шығаруға әзірлікте

Аймақта әлемдік деңгейдегі ірі комбинаттың бірі - Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Өткен жылы ғана кәсіпорында кен өндіру бес есеге артып, 16 млн тоннадан асты. 18 мың тонна катодты мыс өндірілді. Бірінші мыс концентраты ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында шығарылады деп күтілуде.
Жаңа технологияларды қолдана отырып, Бақыршық тау-кен байыту комбинатының алтын кен орнында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Онда тартылған инвестиция көлемі -129 млрд. теңге. 2019 жылы жоба толық қуатына енеді.
Толық циклді автозауыттың және автобөлшектерді өндіру бойынша технопарктің құрылысы жалғасуда. Аталмыш кәсіпорын тұрғындардың ішкі сұранысын қанағаттандырады деген үміт бар.
2015 жылдан Зырян ауданында қуаты 24,9 МВт болатын электр станциясының құрылысы жүргізілуде. 2017 жылы Ұлан ауданында қуаты 24 МВт болатын Тайынты жел электр стансасының құрылысы басталады. Аталған жобаларды жүзеге асыру 2018 жылы электр энергиясын өндіруді 48,9 млн кВт сағатқа арттыруға мүмкіндік бермек.