ШҚО әншісі Шәмші Қалдаяқов әндерінің VI халықаралық фестивалінде бірінші орынды иеленді

Нұргүл Қабдоллаеваның мойындауынша, оның байқауға қатысуының мақсаты жеңіс қана емес, бірінші кезекте «бұл Ұлы адамға құрметін көрсету» болды.
Астанада өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы фестиваль биыл ұлы композитордың 85 жылдығына арналған. Елорда сахнасында Қазақстанның бүкіл аймақтарынан, сондай-ақ Қырғызстаннан жиналған 32 қатысушы «қазақ вальсі королінің» бай мұрасының әндерін шырқап, қазақстандық сахнаның мэтрлерін баурады.
Қазылар алқасының арасында ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, елдің танымал әртістері мен қайраткерлері Майра Ілиясова, Майра Мұхамедқызы, халықаралық байқаулардың лауреаттары болды. «Фестиваль қазақ ән өнерінің дамуына септігін тигізіп, талантты жастардың шығармашылығын қолдайтыны сөзсіз», - деп атап өтеді облыстық мәдениет басқармасынан.