08:21, 07 Желтоқсан 2023 | GMT +5
ШҚО ауылдарында оқушылар боранға байланысты қашықтан оқитын болды
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауылында оқушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Kazinform.

ШҚО Білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, 7 желтоқсанда ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда көктайғақ пен боранға байланысты бірқатар ауылдағы мектеп оқушылары онлайн форматта оқиды.
«Күршім ауданы Төсқайың ауылындағы мектепте 1-2 ауысымның 1-11 сынып, Самар ауданы Амангелді ауылындағы мектепте 1-9 сынып, Күршім ауданы Барақ Батыр, Шанағаты ауылдарындағы және Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы орта мектепте 1-4 сынып оқушылары мектепке бармайды», - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, кеше Шығыс Қазақстандағы кейбір мектептердің түскі ауысымдағы оқушылары қашықтан оқыған болатын.