ШҚО аумағындағы бірқатар жолдар ашылды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңыздағы бірқатар жолдарда көлік қозғалысы жанданды.
None
None

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қыметінен хабарланды.

Атап айтқанда, кеше боранға байланысты облыс аумағында жабылған "Семей-Жаңа Алтай-РФ шекарасы" жолының 2-113 шақырымы, "Семей-Қайнар" жолының 8-284 шақырымы, сондай-ақ "Алматы-Өскемен" автожолының 778-1075 шақырымы ( Аягөз-Қ.Қайсенов а.) аралықтарында қозғалыс қайта жанданды.

Еске салайық, «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар