ШҚО бақылау органдарының қызметкерлері Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

баспасөз қызметінен.
Салтанатты жиынға қатысу үшін прокуратура органдарының ардагерлері, соғыстан кейінгі жылдары ШҚО прокуратурасының органдарында жұмыс істеген тыл еңбеккерлері мен соғыс қатысушыларының жесірлері шақырылды. Жалпы алғанда салтанатты жиынға облыстық және қалалық прокуратуралардың, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының және түзеу мекемелеріндегі заңдылықты сақтау жөніндегі прокуратура ұжымдары қатысты.
Облыс прокуроры Қабидолла Төлегенов өзінің үлкен ұжымының қызметкерлерін құттықтап өтті. «Біз өздерін Отанға қызмет етуге арнаған барлық ұрпақтардың қорғаушыларына ризашылық білдіреміз», - деп атап өтті облыс прокуроры.
Жиналғандарды сондай-ақ прокуратурада бұрыннан қызмет етіп жүрген ШҚО прокуратурасының ардагерлер кеңесінің төрайымы Фарида Шаяхметова құттықтады.
Облыс прокуроры ҚР Бас прокурорының ШҚО-ғы бұл сала ардагерлері - Зоя Демидоваға, Николай Колесниковке, Ирина Лебедеваға, Валентина Мясищеваға, Анна Спиваковаға, Виктор Прыговке, Фарида Шаяхметоваға, Нина Филипповаға және Галина Щеинаға алғыс жариялау туралы бұйрығын оқып өтті.
Жекелеген қызметкерлерге ведомстволық грамоталар, ал прокуратураның жас қызметкерлеріне бірінші кластық шендер бірілді. Прокуратураның бірқатар қызметкерлері заңдылықты нығайтуға қосқан үлестері мен қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін мадақталды.
Ардагерлерге құттықтау сәлемдемелері, гүлдер және бағалы сыйлықтар берілді.
Салтанатты жиын аяқталған соң оның барлық қатысушылары Даңқ ескерткішіне барып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың құрметіне гүл шоқтарын қойды.