ШҚО басшысы Зайсан қаласының әкімінің жұмысын жоғары бағалады

деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зайсан ауданына жасаған сапары барысында ол жергілікті «Жол картасы» бағдарламасын жоғары бағалады. «Барлық осы міндеттерді орындауға деген көзқараста шаруаға деген ұқыптылық сезіледі, - деді әкім. - Зайсанға «Жол картасы» бағдарламасы үшін 280 млн. теңге бөлінді. Бұл жердегі жұмыстың қарқыны жақсы, ендігі жерде оны да және жұмыс сапасын да төмендетіп алмау керек».
«Жол картасы» бағдарламасының арқасында Дайыр ауылындағы орта мектеп көптен күткен өз жөндеу жұмысына да иек артты, мұнда мердігерлерді 17 млн. теңге қаражатты игеру күтіп тұр.
Әкімнің Зайсан жеріне жасаған жұмыс сапары аудан өміріндегі бірнеше маңызды оқиғаға сәйкес келді: «Дайыр» асханалық суын шығаратын жаңа цех іске қосылды, жасанды жабын төселген футбол алаңы ашылды. Жергілікті әкімдік оны құруға 6 млн. теңге салды, оның ішінде 4 млн. теңгені зайсандықтар өткен жылы елді мекендерді абаттандыру нәтижелері бойынша бас жүлде ретінде алды. Уақыт көрсетіп отырғанындай, олар осы биік мүдденің үдесінен шығып отыр - көшелерде болсын, саябақтарда болсын - барлық жерде де айнадай жарқыраған тазалық көрініс береді. Жаңғыртылғаннан кейін орталық стадион ашылды.
Іске қосылған «Дайыр» асханалық суын құю бойынша кәсіпорында 14 жергілікті тұрғын жаңа жұмыс орындарына ие болғанын атап өтті, Зайсан ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтарханов.