ШҚО Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы лауазымына Қуат Оқасов тағайындалды. Ол бұған дейін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болған.

Қуат Барысұлы 1969 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 1986 жылы «КрасноАлтайский» совхозында тас қалаушы болып бастаған. 1991-1992 жылдары «Айқын» кооперативінде құрылысшы болды.
1997 жылдан 2010 жылға дейін түрлі мектепте мұғалім, директор болып еңбек етті.
2010-2011 жылдары Ұлан ауданының педагогикалық қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2011-2021 жылдары Ұлан ауданы бойынша білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2021 жылдан осы уақытқа дейін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болды.
Еске салсақ, осыған дейін Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бастығы ауысқаны хабарланған.