17:49, 21 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ШҚО бойынша үдемелі индустриялық даму жөніндегі Үйлестіру кеңесі бағдарламаны жүзеге асырудың проблемаларын талқылады
СКЕМЕН. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен үдемелі индустриялық даму жөніндегі Үйлестіру кеңесінде құрылған индустрияландырудың аймақтық және республикалық картасына кіретін индустриялық жобалардың жүзеге асырылуына қатысты өтпелі жағдайы талқыланды.

Үйлестіру кеңесі барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Қосман Қажкеновтың ақпараты тыңдалды. Ол кәсіпкерлер үшін дайындалған «Бизнестің жол картасы - 2020» кітапшаларының тұсаукесер рәсімін өткізді. Ол сонымен қатар «Даму» қызмет түрлерімен бірге жасалған қор жасаған кітапшалардың жағдайы туралы хабарлап, облыс әкімінен ТВ-прокатта қолдау көрсетуді сұрады. Қ.Қажкеновтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерін субсидиялау жасау үшін 1,2 млрд. доллар бөлінді. Облыстың кәсіпкерлерінен 72 арыз түсіп, бүгінде 560 млн. теңге субсидия жасалды.