ШҚО бойынша Жол картасы ауқымындағы 30 жоба бойынша жұмыстар орындалды.

ЕЙ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Мердігерлерге қаржы уақытында бөлінді, жұмыс қарқыны жоғары, нысандардағы жұмысшылар саны жеткілікті - Курчатов қаласындағы Жол картасының жүзеге асырылу барысын өңірде болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай сипаттады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол картасы» бойынша Курчатов қаласына 170 миллион теңге бөлініп, аталған қаржы 6 жобаға бағытталды. Мұнда 285 жұмыс орыны ашылды. Еңбекке орналастыру органдарының бағыттауы бойынша 239 адам жұмысқа тартылды.

Облыс әкімі Мәдениет үйі мен құрылысшылар бағындағы жұмыс барысымен танысты. Бағдарламаның әкімшілік жүргізушілерімен тілдескен облыс әкімі  қаланың әкімшілік орталығын үлгі аларлықтай тәртіпке келтіру керек, деп атап өтті. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мәдениет үйінде болған Бердібек Мәшбекұлы ғимараттың бастапқы сәулет нұсқасының сақталуына баса назар аударды. «Сапалы етіп жөндеңдер! Нысанды мен өзім қабылдаймын!», - деп мәлімдеді ол, мердігерлерге.

Жалпы ШҚО бойынша Жол картасы ауқымындағы 30 жоба бойынша жұмыстар орындалды. Бұлар негізінен - білім беру нысандары. 32 590 жұмыс орыны құрылды. 4,5 млрд. теңге игерілді. Жол картасына қатысушылардың орташа жалақысы облыс бойынша 24,4 мың теңгені құрайды. Қаржының үнемделуіне байланысты Жол картасына қосымша 25 мектепті күрделі жөндеуден өткізу туралы мәселе қаралуда.

Аймақтың еңбекпен қамту орталығы оқу жоспарын жасады және мамандарды дайындау және қайта даярлықтан өткізу үшін оқу орындарының тізімін белгіледі. Үш мыңнан астам адам оқуға кірісіп кетті. Жол картасы әлеуметтік жұмыс орындарына 1456 адамды, ал «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 836 жасты жұмысқа бағыттауға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар