21:55, 01 Сәуір 2015 | GMT +5
ШҚО-да 1,5 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған ресейлік азамат ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР АШМ Шығыс Қазақстан облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері құқық қорғау органымен бірлескен рейдтік шараларын жүргізу аясында Омбы-Майқапшағай жолында 4,5 тонна балықты әкетіп бара жатқан «Isuzu» автокөлігі тоқтатылды.

Көлік жүргізушісінің Ресей Федерациясының азаматы екені, сондай-ақ оның иесінде тек 2,9 тонна балықты тасымалдауға рұқсаты болғаны анықталды.
Аталмыш факті бойынша жинақталған материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметінен.