12:08, 03 Сәуір 2015 | GMT +5
ШҚО-да 10 күн бұрын жоғалған бақташының денесі табылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 24 наурыз күні ШҚО Тарбағатай ауданындағы «Қалибек» шаруа қожалығының қыстағына қарай жаяу кеткен бақташының өлі денесі табылды, деп хабарлады ШҚО ТЖД.

53 жастағы ер адамның мүрдесі Тарбағатай ауылынан 23 шақырым жерде, Ыбырайым учаскесінде табылды.
Ер адамның қайтыс болу себебі анықталып жатыр.