11:40, 06 Қазан 2024 | GMT +5
ШҚО-да 102 жастағы кейуана референдумға дауыс беруге келді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында 102 жастағы кейуана АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс берді.
Бүгін Хадиша Туржанова референдумға қатысып, өз тандауын жасады.
Хадиша апа 1922 жылы 20 наурызда қазіргі Күршім ауданы Қалжыр ауылында дүниеге келген. Өмір жолын адал еңбекке арнады. Тоғыз баланы дүниеге әкелген. Апаның 27 немересі, 43 шөбересі және 7 шөпшегі бар.
Еске салсақ, ШҚО-да референдум күні 538 учаске жұмыс істейді. Онда 487 824 адам дауыс беруге құқылы.
Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова референдумда өз таңдауын жасағанын хабарлаған едік.
Ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.