ШҚО-да 185 мыңнан астам адам ЖРВИ-мен ауырды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында жіті респираторлық вирустық инфекцияға (ЖРВИ) шалдыққандар саны артып отыр.

денсаулық
Фото: ҚазАқпарат

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша былтырғы күзден бері 185 099 адам ЖРВИ-мен ауырды. 

- Науқастар саны алдыңғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6 пайызға өскен. Десе де сырқаттану көрсеткіші ұзақ мерзімді статистикалық деректер бойынша жасалған бақылау деңгейінен аспады. ЖРВИ-мен ауырғандардың ең көбі Өскемен қаласында (97 828 адам). Екінші орында Глубокое ауданы, үшінші орында Алтай қаласы тұр. Ауыл Марқакөл ауданында аталған инфекцияға шалдыққандар саны ең аз, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда тұмаудың зертханалық расталған 43 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге аз.

Еске салсақ, бұған дейін СҚО-да тұмаудың төрт түрі тарағаны хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар