15:06, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
ШҚО-да 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілді
ӨСКЕМЕН. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше 11 сағат 35 минутта Риддер, Зырян, Өскемен қалаларындағы көпқабатты үйлердің үстіңгі қабаттарында 2-3 балдық жерасты дүмпулерінің болғаны сезілді.
Бүгін ҚР Сейсмология институтының ақпаратына сілтеме жасай отырып, аймақтың төтенше жағдайлар қызметі хабарлағандай, жер сілкінісінің орталығы ҚР аумағынан тыс жердегі Хакасия, Тыва, Моңғолия шекараларының таулы аймақтарында 20 км тереңдікте жатқан.