ШҚО-да 2 айлық сәби мен оның туыстары өрттен құтқарылды

Оның 28 жасар анасының денесі күйген, 35 жасар ағасы мен 28 жасар тұрғын газдан уланған.
Отбасы тәуелсіздік мерекесін тойлап жатқан кезде, бөренеден тұрғызылған үй жанып кеткен. Осы оқиғаға куә болған адамдар өрт сөндіру қызметін шақырған. Оқиға болған Средигорное ауылы өрт сөндіру қызметінің мекемесінен 40 шақырым жерде орналасқандықтан құтқарушылардың келуіне 25 минут кеткен.
Өртке оранған үйді сөндіру үшін 5 сағат уақыт кеткен. Енді баспана қайта жөндеуге келмейді. Жалын пайда болуына байланысты екі болжам жасалып отыр. Бірі электр жабдықтауды монтаждауда және пайдалануда қауіпсіздік шаралары сақталмаған болса, екіншісі мас күйде шылым шегудің себебі болып отыр.
Қазіргі уақытта жапа шеккендер ауруханаға жатқызылған, олардың жағдайы қалыпты.