ШҚО-да 2500-ден астам адамнан онкологиялық ауру анықталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында бір жыл ішінде 2 556 жаңа онкологиялық ауру анықталды.

больница, медицина, мед персонал, аурухана, анализы, рентген
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Өңірде өткен жылға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылу қорытындылары шығарылды.

Көпбейінді Онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллинаның мәліметінше, қазіргі таңда облыс бойынша 15 134 науқас диспансерлік есепте тұр. Ал өткен жылы 2 556 жаңа онкологиялық ауру тіркелген.

- Басты мақсат - ауруды тек емдеу ғана емес, оны ерте кезеңде анықтау. Қазіргі таңда ерте диагностика науқастың өмір сапасын айқындап, алға болжам жасайды. 2025 жылы облыс бойынша 140 мыңнан астам тұрғын скринингтік тексеруден өтті. Бұл қатерлі ісіктің асқынған түрлерін азайтуға септігін тигізді, - дейді Гүлмира Сағидуллина.

Облыста онколог-дәрігерлер тапшылығы әлі де бар. Атап айтқанда, Самар және Күршім аудандарына маман жетіспейді.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтауда онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын орталық ашылды.

 

Соңғы жаңалықтар