ШҚО-да 300-ден астам көлік жолда күрделі жағдайға тап болды

АСТАНА. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран салдарынан жол қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

жол жабылды
Фото: Видеодан скриншот

Қарлы боран салдарынан көріну қашықтығы күрт төмендеп, желдің күшеюі өңірдегі негізгі тасжолдарда үлкен қиындықтар туғызды. Өскемен — Алтай, Өскемен — Алматы, Өскемен — Самар және Өскемен — Шемонаиха бағыттарында 300-ден астам көлік күрделі жағдайға тап болды.

— Полиция жедел шаралар қабылдады. Патрульдік полиция батальоны жолдарды тәулік бойы патрульдеуді ұйымдастырып, 250-ден астам көлікті қауіпсіз жерге жеткізуге көмектесті. Жүргізушілер мен жолаушылардың жайлылығы үшін полиция қызметкерлері ыстық шай мен тамақ таратты. Ал ораза ұстаған азаматтарға арнайы азық-түлік пакеттері дайындалды. Қардың қалың жаууы және көрінудің нашарлауы кезінде елді мекендерден тыс жерлерге тек аса қажетті жағдайда ғана жол жүруге кеңес береміз, — деп ескертті тәртіп сақшылары.

Осыдан бұрын боранды күнде еліміздің аймақтарында 11 бала мен 11 балықшы құтқарылғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар