19:44, 01 Маусым 2015 | GMT +5
ШҚО-да 300 жас өнерпаз балалардың алдында өз өнерлерін паш етті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның мыңнан астам балалары бүгін Өскемендегі жаңа театр ғимаратында екі ерекше қойылымды тамашалады.

Премьера алдында үлкен концерт болды, онда 300-ден астам жас музыкант домбырада ойнап, ән шырқап, би биледі.
Жаңа облыстық драма театрында бүлдіршіндер «Екі дос немесе делдал қарға» және «Маленькая история о маленьком Муке» атты қазақ-орыс тілдеріндегі қойылымдарды тамашалады. Актерлермен бірге балаларды облыс әкімі Даниал Ахметов құттықтады. Сонымен қатар бүгін психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме базасында облыстың қалалары мен аудандарынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагері ашылды. Ол тәулік бойы жұмыс істейтін болады.