ШҚО-да 37 қызметкерге жалақы төлемеген кәсіпорын жауапкершілікке тартылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM –  ШҚО Самар ауданының прокуратурасы жүргізген талдаумен «Самар» КМК еңбек кодексінің талаптарын бұзып, 37 қызметкерге тамыз айында жалпы сомасы 4,1 млн теңге жалақы төлемегені анықталды.

ШҚО-да 37 қызметкерге жалақы төлемеген кәсіпорын жауапкершілікке тартылды
Фото: freepik.com

«Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2024 жылғы 1 қазанда қызметкерлер алдындағы борыш толық көлемде өтелді», - деп хабарлады ШҚО прокуратурасы.

Сондай-ақ, жалақыны уақытылы төлемегені үшін кәсіпорын ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша 221 520 теңге сомасында 60 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО-да 780 әйел декреттік төлемді арттыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені жайлы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар