ШҚО-да 400-ден астам адамды кене шақты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 400-ден астам адамды кене шақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде кене шаққандар саны күн сайын артып келеді. Кененің таралу маусымы сәуір айында басталған.

Бүгінде барлығы 446 адам кенеден зардап шеккен. Оның ішінде 144-і (33%) - 14 жасқа дейінгі балалар.

«Кене шаққан 423 адам иммуноглобулин алды. 23 адамға түрлі себеппен, атап айтқанда медициналық ұйымға тым кеш жүгіну және медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты екпе салынбады. Жалпы облыс бойынша кене инфекциясына шалдығу дерегі тіркелген жоқ», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағына жатады. Өңірде аурушаңдық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары.

Наурыз айының аяғынан 9 сәуірге дейін өңірде 20 адамды кене шаққанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар
Референдум