ШҚО-да 50-ден астам жас қызметкер полиция сапына қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Республика алаңында гарнизондық саптық жиын өтіп, полиция департаментінің 50-ден астам жас қызметкері ант қабылдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да 50-ден астам жас қызметкер полиция сапына қосылды
Фото: Polisia.kz

Салтанатты жағдайда жас полицейлер ант оқып, қызметке ресми түрде кірісті. Оларды қолдауға ата-аналары, туған-туыстары мен достары келіп, маңызды күнді бірге бөлісті.

ШҚО-да 50-ден астам жас қызметкер полиция сапына қосылды
Фото: Polisia.kz

Жас қызметкерлерге арнаған сөзінде полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков бұл сәт қызметтің басталуымен қатар, атқаратын жұмысы, қабылдайтын шешімдері мен жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуді білдіретінін атап өтті. 

— Офицерлік погон — жәй ғана мәртебе емес. Оның артында күрделі жағдайларда әрекет етуге күн сайын дайын болу, шешім қабылдай білу және оның салдары үшін жауапкершілік ала білу тұр, — деді облыстың бас полицейі.

ШҚО-да 50-ден астам жас қызметкер полиция сапына қосылды
Фото: Polisia.kz

Жас қызметкерлерге ШҚО ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев та ақ тілегін білдірді. Ол жастарға кәсіби жолда абыроймен қызмет етіп, қызметтік борышқа адалдық пен азаматтарға деген құрметті сақтауды тіледі. 

ШҚО-да 50-ден астам жас қызметкер полиция сапына қосылды
Фото: Polisia.kz

Салтанатты рәсімнен кейін жеке құрам қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызмет атқаруға кірісті. Нарядтардың алдына негізгі міндеттер қойылды. Олар — жұмысты үйлесімді ұйымдастыру, тәртіпті сақтау, міндеттерді орындауға үнемі дайын болу және қызметте ұстанымдылық таныту.

Бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметінде көктемде шақырылған сарбаздар ант қабылдағанын жазғанбыз.