11:52, 25 Қараша 2015 | GMT +5
ШҚО-да 9 тонна балық заңсыз тиелген КамАЗ жүргізушісі ұсталды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Тарбағатай тас жолдарының бірінде полиция 9 тонна көксерке тиелген КамАз жүргізушісін ұстады. Алматы облысының 36 жастағы тұрғынында жүк құжаты болмай шықты.

Істі одан әрі пысықтау барысында аудан елді мекендерінің бірінен ауланған балықты заңсыз қабылдау пункті табылды. Жекеменшік үй сарайынан 5 тонна балық тәркіленді. 26 жастағы үй иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды, сот алды тергеу жүргізіліп, шығын анықталуда. Заңсыз балық аулағаны үшін екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Рейдті ІІМ ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшесі мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жүргізді.