ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қымбаттатудың 180 фактісі анықталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бекітілген шектен асырып жіберудің 180 фактісі анықталды. 

Маңғыстауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 түрі арзандады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы 27 млн теңгеден астам қаражат тұтынушыларға қайтарып берілді. Кәсіпкерлердің азаматтар құқығын шектеуі 2023 жылмен салыстырғанда біршама өскен.

- Бір жыл ішінде сатып алған тауарын қайтару, ауыстыру бойынша облыс тұрғындарынан 920 өтініш келіп түсті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 75%-ға көп. Негізінен тұрғындардың бөлшек пен электрондық саудаға және коммуналдық қызметке көңілі толмайды, - деді департамент басшысы Асхат Сағидолдин.

Былтыр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тым қымбаттатудың 180 фактісі анықталды. Департамент мамандарының араласуынан кейін дәнді дақылдардың, жұмыртқаның бағасы төмендетілді.

Сондай-ақ 23 сот тұтынушылардың тарапына шешіліп, оларға 20 млн теңге қайтарылды.

Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстанда картоп тапшылығы жоқтығы жайлы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар