ШҚО-да ана мен бала өлімі едәуір төмендеген - Р. Рахимова
- Сайлауалды тұғырнамасының «Ұлт саулығы» бағытындағы көптеген көрсеткіштер орындалды. Облыс бойынша бала туу көрсеткіші 2000 жылы азайып қалған кездер болған. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда, 1000 адамнан 16,76-дан 17,1-ге өсті, - деді орталық директоры.
Сондай-ақ облыста бала өлімі 1000 нәрестеден 2011 жылы 18,2 көрсетсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 11,0 дейін азайған. «Ана мен бала жағдайын жақсарту үшін облыс дәрігерлері біліктілігін арттыру мақсатында республикалық және шетелдік оқу орталықтарына барып тұрады. Сонымен қатар Оңтүстік Корея, Израиль, Ресей елдерінің білікті дәрігерлерімен шеберлік сыныптары өткізілді. Ағымдағы жылы облыс бойынша денсаулық сақтау саласында 11 нысан пайдалануға берілді. Аймақта халық денсаулығына үлкен маңыз беріліп отыр», - деп түйді Р.Рахимова.
«ДДСҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес, ана мен баланың денсаулығын сақтау қызметі ұйымдарында әйелдер мен балаларға мамандандырылған көмектің және БМСК деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін және сабақтастығын арттыру біздің негізгі мақсатымыз болмақ. Қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, ұрықтың және жаңа туған нәрестелердің туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалаудың скринингтік бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми дәлелді медицина негізінде әзірленген акушерия, неонатология және педиатрия бойынша (дамудың туа біткен аномалияларын қосқанда) емдеу мен диагностикалаудың хаттамаларын және ДДСҰ халықаралық стандарттарын енгізу арқылы балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткішін төмендетуге болады», - дейді ол.
Сондай-ақ ол денсаулықты және толыққанды өсуді, дамуды және аурулардың профилактикасын қамтамасыз етуге арналған ДДСҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес БМСК деңгейінде ерте жастағы балаларды (дамуының туа біткен ауытқулары бар балаларды қосқанда) антеналдық күтуді және қадағалауды жетілдіру бағытында ШҚО емханаларында кешенді жұмыстар іске асып жатқандығын атап өтті.