ШҚО-да анасы қызын педофилден қорғап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск қаласының тұрғыны 11 жасар қызын зорлық көрсетпек болған педофилден қорғап қалды, деп жазады YK-news.kz.
None
None

«Әйелдің айтуына қарағанда, 11 жасар қыз аулада басқа балалармен бірге ойнап жүрген. Белгісіз ер адам балаларды сырттай торуылдап, сосын кішкентай қызды алдауына көндіріп, қалың ағаштың арасына алып кеткен», - деді Зыряновск ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Рустам Надыров.

Осы кезде кішкентай қыздың құрбыларының бірі анасына барып болған жайтты айтқан.  Жанұшырған ана балалар көрсеткен бағыттан қызын іздей бастаған. Осы сәтте  педофил қалың ағаштың арасында кішкентай қызды шешіндіріп үлгерген. Азғын ер адамды сол жерде полиция қызметкерлері қамауға алды.

Аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары берген мәлімет бойынша, ұсталған ер адам аталған ауданның тұрғыны емес. Ол бұған дейін балаларға қарсы сексуальдық қылмыс жасағаны үшін екі рет сотталған екен.

Соңғы жаңалықтар