ШҚО-да апатты жағдайдағы Орта Теректі су қоймасында су тасқыны кезеңінде мамандар кезекшілік етеді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы Орта Теректі су қоймасында су тасқыны кезеңінде мамандар кезекшілік етеді.

ШҚО-да апатты жағдайдағы Орта Теректі су қоймасында су тасқыны кезеңінде мамандар кезекшілік етеді
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Марқакөл ауданындағы Орта Теректі су қоймасы апатты жағдайда тұр. Егер оны жөндемесе аудан орталығындағы 134 үйді су басуы мүмкін. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Марқакөл ауданына барып, осы су қоймасының жағдайымен танысты. 

ШҚО әкімі баспасөз қызметі
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

- Өткен жылы оның техникалық жай-күйіне сараптама жасалып, жөндеу жұмыстарының қажет екені айтылған еді. Тиісті жұмыстар ауа райының қолайлы кезеңінде басталды. Су ағызғыштың негізі бетондалып, су қоймасының түбіне тор төселді. Облыс әкімі жергілікті халықпен кездесіп, су қоймасының былтыр қалай жұмыс істегенін сұрады. Қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Негізгі құрылымдар штатты режимде жұмыс істеп жатыр. Су тасқыны басталған кезде мамандар кезекшілікке шығатын болады, - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Биыл Орта Теректі су қоймасының бөгетін жоспарлы түрде қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін апатты жағдайдағы Орта Теректі су қоймасы жайлы сараптамалық мақала жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар