ШҚО-да ата-аналардың көбі баласына «В» гепатитіне вакцина салдырудан бас тартып жатады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM –  Шығыс Қазақстан облысында 91 ата-ана баласына екпе салдырмай қойған. Оның ішінде көбісі «В» гепатитіне вакцина салдырудан бас тартқан.  

вакцинация
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері ата-аналардың балаларға профилактикалық екпеден бас тартуының 91 фактісі тіркелген.

«Оның 63 пайызы перзентханада «В» вирусты гепатитіне қарсы екпеден бас тартуға қатысты болып отыр. Екпеден бас тартудың жиі кездесетін себебі - жеке сенімдерге байланысты. Бұл жалпы бас тартқандардың 80 пайызын құрайды», - делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта өңір бойынша вакцинация мәселелері бойынша 45 сенім телефоны жұмыс істеп тұр.

«Халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, биыл 2366 жас анаға екпе салдырудың пайдасы түсіндірілді. Сондай-ақ пәрзентханалар мен емханаларда осы тақырыпқа қатысты 449 дәріс оқылды», - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін жамбылдық дәрігерлер науқастың өз тіндерінен трахеясын қалпына келтіргені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар