ШҚО-да атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда үш есеге жуық артты

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Статистика басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстаннның құрылыс саласында былтырғы жылмен салыстырғанда биыл атқарылған маусымдық жұмыстардың көлемі 28 пайызға артқан.
None
None

Облыстағы мердігерлер жұмысының мөлшеріндегі негізгі үлес 98 пайызды құрап отырған жекеменшік кәсіпорындарға келеді, мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі 1,3 пайызды құраса, шетелдік кәсіпорындар 0,8 пайызды қамтыды. Ірі және орташа құрылыс кәсіпорындарында жұмыс істейтін халық саны 14,8 мың адам (жалпы облыс бойынша жалдамалы жұмысшылардың 5 пайызы). Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға кем. Бір жұмысшының орташа айлық мөлшері 64 919 теңге, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға артып отыр.

Соңғы жаңалықтар