ШҚО-дағы аурухана әкімшілігінің 27 кәсіпкер алдындағы қарызы 134 млн теңгеге жеткен

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы аурухана әкімшілігі 27 кәсіпкерге 134 млн теңге төлемеген.

Алматы прокуратурасы кәсіпорынның жұмысына заңсыз араласқан басқарма басшысын жазалады
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманың сақталуын талдау барысында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын тарапынан заңбұзушылықтарды анықтады.

«Атап айтқанда, аудандық аурухана әкімшілігі жасалған келісім-шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындаған 27 кәсіпкердің алдындағы 134 млн теңге қарызын өтемеген. Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, аурухана басшылығы қазіргі уақытта 20 кәсіпкерге 98,3 млн теңге көлемінде қарызды төледі», - деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Аурухана әкімшілігі қалған қарызды қысқа мерзімде өтейтін болады.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-дағы кәсіпорынның 220 жұмысшысы жалақыларын ала алмай келгені хабарланған

Соңғы жаңалықтар