ШҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 400-ден астам адамға дастархан жайылды (ФОТО)

Осыған дейін хабарланғандай, ШҚО әр сенбі «Туған ел - алтын бесігім» акциясы аясында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Кезекті жәрмеңкеге облыс орталығына Үржар ауданының 27 селолық округінің және 55 ауылдың фермерлері келді. Олар облыс орталығына 15 тонна жылқы, ірі қара, қой және шошқа етін, 45 тонна қауын мен қарбыз, 1,5 тонна алма, 20 тоннаға жуық көкөніс, 1500 литрге жуық қымыз және 500 кг астам құрт пен шамамен 2 тонна бал әкелді.
Үржарлықтар сонымен бірге палау, қымыз және өзге де ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайды. Белсенділер үшін спорттық алаң ұйымдастырылып, спорттың 8 түрі бойынша жарыс өтті. Импровизацияланған сахнада ауданның шығармашылық ұжымдары «Туған ел - алтын бесігім» гала-концертін өткізді.
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, үржарлық шаруалар жәрмеңкеде 20 млн. теңгеден астам соманың тауарын сатты.