ШҚО-да ауылшаруашылық өнімдері сұраныстан 2 есе артық өндірілген - статистика

ӨСКЕМЕН. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Статистика басқармасының мәліметінше, облыста бір адам басына шаққанда былтырғы жылы 335 келі астық,
None
None

139 майлы дақылдар, 268 келі картоп, 172 келі жеміс-жидек пен бақша өнімдері, 7 келі тұқым мен жидек өнімдері өсірілген. Бұл аталмыш өнімдердің сұранысынан екі есе артық.

2010 жылы облыс шаруашылықтарында майлы дақылдарға, картоп пен жеміс-жидек өсіруге арналған жерлер 3-6 пайызға кеңейтілген. Ал бақша және астық өнімдері отырғызылған аумақтар 20,8 және 13,7 пайызға азайды. Сонымен қатар жидек өнімдерін отырғызатын егістіктер де 4,7 пайызға кеміген.

Соңғы жаңалықтар