ШҚО-да азық-түлік бағасын өсірген 90 кәсіпкер жауапқа тартылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын өсірген 90 кәсіпкер жауапқа тартылды.

Азық-түліктің 11 түріне бағаның ең төменгі деңгейі енгізілмек
Фото: Pixabay.com

ШҚО сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың басынан бері өңірде ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңды бұзғаны үшін 178 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл төледі. 

- Мысалы, тауарларды теңгемен емес, рубльмен бағалап сатқан дүкен иесіне 393 200 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар 84 кәсіпкер тауарларды бағасыз сатқаны немесе кассадағы баға тауарда жазылған бағадан жоғары болғаны үшін жауапқа тартылды, - делінген ақпаратта. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыздан асатын үстемеақы қосқаны үшін 90 кәсіпкерге әкімшілік шара қабылданды. Оның 49-ына ескерту берілсе, 41-і айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Осы ретте, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз көтерілгенін байқаған тұрғындар департаментке 8 (7232) 26-72-07 телефон нөмірі арқылы жүгіне алады. 

Еске салсақ, бұған дейін 1 қаңтардан бастап сатушылар мен өндірушілер әр тауарға 13 таңбалы код енгізуге міндетті екендігі хабарланған

Соңғы жаңалықтар