ШҚО-да азық-түлік тағамдарының бағаларына қатысты кеңес болып өтті

ӨСКЕМЕН. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық әкімдіктің отырысында азық-түлік тағамдарының бағасын реттеу бойынша ең қатаң шараларды қолға алуды тапсырды.
None
None

Өз кезегінде әкімінің бірінші орынбасары Серік Әбденов осы мәселе бойынша басқарма бастықтарының қатысуымен кеңес өткізіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларына, «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығына бұл жұмысты қатаң бақылауға алуды, ауыл шаруашылығы өнімдері сатылатын жәрмеңкелерді қайта өткізе бастауды, әлеуметтік дүкендер желісін кеңейтуді тапсырды. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне баға саясатын реттеуді жеке жауапкершілікке алу жүктелді.

Соңғы жаңалықтар