10:33, 25 Қараша 2015 | GMT +5
ШҚО-да баласы бар ер адам қар құрсауынан құтқарылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Әскери бөлім күштері 12 жастағы бала мен ер адамды қар құрсауынан шығарды.

Ер адамның көлігі түнде Ахмирово кентінің маңындағы жолда қарға тұрып қалған. Бұл оқиға әскери бөлімнің маңында болған. 39 жастағы ер адам «112» номеріне қар құрсауынан шыға алмай жатқаны жөнінде хат жолдады. Азаматтарды әскери бөлім сарбаздары құтқарды.