ШҚО-да белсенді қысқы демалыс үшін барлық жағдай жасалған (ФОТО)

Бұдан басқа, Комсомольский аралында балаларға арналған сырғанақтар бар. Облыс орталығында Комендантка көлі маңында және Протозанова жағалауында 2 шаңғы жолы бар. Алдағы уақытта тағы үшеуі іске қосылады, деп хабарлады облыстың ақпараттық орталығында.
Семейде «Цементник», «Лакомотив», Орталық мәдениет саябағында, «Құрылыс» профилакториясында 4 мұз сырғанағы жасалған.
Семейде қалалықтарды сауықтыруға және олардың демалуына арналған 5 шаңғы базасы жұмыс істейді. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша БЖСМ, «Құрылыс», СММУ және Шәкәрім атындағы СМУ шаңғы базасы күн сайын жұмыс істейді. Қалада 3 демалыс базасы орналасқан.
Жалпыға білім беру мектептері мен интернаттар жанында 35 хоккей хорттары құйылған. Мұз айдындарында конькилер мен шаңғыларды жалға беру пункттері бар. Аз қамтылған отбасы балаларының тегін сырғанауына мүмкіндіктер қарастырылған.